Қызылордада опырылып түскен үй сүріледі - әкімшілік
Жергілікті атқарушы биліктің айтуынша, тұрғындар ескі үй туралы шағымданып ТЖД-не келген емес.
Өткен түнде бір жағы опырылып түскен Қызылордалық көпқабатты үйде 46 отбасы тұрып жатқан, деп хабарлайды BNews.kz.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Асылбек Шаменовтың айтуынша 1971-ші жылы салынған бесқабатты үй "Жылуэлектрорталығына" тиесілі болған.
"Ғимаратты жақын уақытта тексеріп, күрделі жөндеуді қажет ететін үй ретінде тіркеген. Тұрғын үйдің 103 пәтері бар. Апат кезінде үйдің 43 пәтерінде ғана қоныстанған еді. Опырылып түскен бірінші кіреберісте ешкім тұрмаған. Сондықтан зардап шеккен адамдар жоқ", - деді ол
Қала әкімшілігінің мәліметінше сол үйде тұратын отбасыларды "Мұрагер" мектебінің ішінде орналасқан эвакуациялық орталыққа көшірді. Олар ыстық тамақ, жатар орын, дәрі-дәрмек және қажет заттармен қамтамасыз етілді.
"Бұл бірнеше күнге жасалған шара, содан соң әр отбасын бірнеше ай мерзімге орналастыру амалдарын қарастырамыз, сосын тұрғын үй мәселесінің шарттары бойынша бөлек сөйлесеміз", - деп атап өтті Шаменов.
Құтқарушылар болса, жатақханда тұрып жатқандардың жартысы балалар екенін айтты.
"142 адамның 72-і балалар. Оқиға орнында 80 құтқарушы мен арнайы техника жұмыс істеді. Құтқарушылар тиісті жұмыстарды атқарып, үйінді астында ешкім зардап шекпегеніне көз жеткізді, - деді Қызылода қаласы ТЖД басқармасының бастығы Ербол Әлішеров.
Оқиға орнына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев келіп, үйді сүру туралы шешім қабылданғанын айтты. ТЖД опырылып түсудің себептерін анықтауда.
Еске сала кетейік, Қызылордада көпқабатты үйдің бір жағы опырылып түскені туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордалық "Нұрсая" тұрғын үйін полицейлер қоршауға алды
-
Астанада тұрғын үйлерді басқарудың онлайн жүйесі әзірленуде
-
Алматыда жолаушылар автобусы бойжеткенді қағып өлтірді
-
"Нұрлы жер" бағдарламасына қатысатын құрылыс салушылар заңды тұлғалар бірлестігін құрмақ
-
ОҚО-ғы Ордабасы ауданында "Нұрлы жер" аясында 480 пәтер беріледі
-
Қазақстандықтар арасында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны артты
-
Түлкібас ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасымен көпқабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы басталды
-
Астананың оң жағалауындағы бірқатар үй жылудан ажыратылады
Ұсынамыз
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды
09:25
138
-
Канадада зардап шеккендердің қатарында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр
10:02
121
-
Мейрам күндері Астанада көлік қозғалысы шектеледі
09:52
111
-
Головкин мен Мартиросян көз түйістіру рәсімін өткізді
10:35
108
-
Павлодарда теле- және радиотарату уақытша тоқтатылады
11:08
53
-
Ақтөбеде 10 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды
19 сәуір, 13:02
3144
-
Головкин - Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды
19 сәуір, 11:15
3125
-
Нобель сыйлығының иегері, түркиялық профессор Түркістанда студенттерге кеңес берді
19 сәуір, 18:15
3107
-
Анатолий Смолин Жоғарғы сот судьясы болып қайта тағайындалды
19 сәуір, 11:37
3083
-
Алматыда 157 көше жөнделеді
19 сәуір, 12:27
3073
-
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды
13 сәуір, 16:10
3693
-
Астанада Ұлттық музейде "Рухани жаңғыру" көрмесінің ашылуы өтті
13 сәуір, 18:26
3629
-
Назарбаев Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
12 сәуір, 18:09
3619
-
Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуы тиіс – Назарбаев
12 сәуір, 18:57
3614
-
Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады
13 сәуір, 17:35
3613