Қызылордада опырылып түскен жатақхана тұрғындарын жаңа пәтерге көшірді - Жаңалықтар | BNews

Қызылордада опырылып түскен жатақхана тұрғындарын жаңа пәтерге көшірді

03 наурыз, 12:06 2491 Қызылорда облысы
Қызылордада опырылып түскен жатақхана тұрғындарын жаңа пәтерге көшірді

Олар бұл үйде жарты жылға дейін тұра алады.

Қызылорда әкімшілігі 28 ақпан күні бір жағы опырылып түскен жатақхана тұрғындарын, пәтерлерге қоныстандыра бастады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Олар үшін уақытша пәтер жалдадық. Бұл пәтерде тұрғындар жарты жыл тұра алады, содан соң әр отбасына қатысты жағдай бөлек-бөлек қаралады", - деді Қызылорда әкімінің орынбасары Асылбек Шаменов.

Әзірше жатақхананы полиция күзетіп отыр, өйткені тұрғындардың кейбірі заттарын әлі толық алып біткен жоқ. Көшу жұмыстары толық аяқталған соң, күзет алынады. Шаменовтың айтуынша, сосын ғимарат сүріледі.

Еске сала кетейік, Қызылордада көпқабатты үйдің бір жағы опырылып түскені туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Оқиға орнына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев келіп, үйді сүру туралы  шешім қабылданғанын айтты. ТЖД көпқабатты үйдің опырылып түсуінің себептерін анықтауда.

Ұқсас жаңалықтар