Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқынды

18 қазан, 2018, 15:53 2462 Қызылорда облысы
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқынды

Қызылорда облысында әлеуметтік осал топты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін үш жылға арналған өңірлік «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленген

Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден бөлу туралы шешім қабылданды.

Қызылорда қаласының сол жағалауынан 18 көпқабатты тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен салынып жатыр. 14 үйдің 4 және 5-ші қабаттарында 248 пәтер «Орда» бағдарламасына қатысады. Жергілікті атқарушы органдар жеке инвесторлардан осы пәтерлерді сатып алады. Тұрғын үйге мұқтаж отбасылар және осы бағдарламаға қатысушылар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да депозит ашу керек.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, көпбалалы және толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандар немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1,2 топтағы мүгедектер, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер және 35 жасқа дейінгі екі жыл некеде тұрған жас отбасылар бастапқы төлемсіз қатыса алады

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!