Қызылордада салынып жатқан жылыжайдың құрылысы аяқталуға жақын

08 қаңтар, 2019, 18:10 1678
Қызылордада салынып жатқан жылыжайдың құрылысы аяқталуға жақын

Жоба құны – 1 млрд. 100 млн теңгені құрайды.

Қызылорда қаласында салынып жатқан алып жылыжайдың құрылысы аяқталуға жақын қалды, деп хабарлады egemen.kz.

Толық автоматтандырылған екі гектарды алып жатқан жылыжайда жылына 900 тонна қызанақ өсіріледі. Жоба құны – 1 млрд. 100 млн. теңге. Оның 650 млн. теңгесін Үкімет қолдауымен алды.

Серіктестік директоры Ғани Алматов компьютермен басқарылатын кешендегі қызанақ кокос субстратына отырғызылатынын айтады. Мұның экологиялық жағдайы халықаралық стандарттарға негізделеді. 

Ал Қызылордадағы жылыжай жаңа технология арқылы дүниежүзілік тәжірибе негізінде жұмыс істейді. Мердігер компанияның өкілі, Испаниядан келген Серхио Молина жылу, жарық, суару, салқындату сияқты жүйелер автоматты түрде басқарылатындығын айтады. Жұмысшыларға қалғаны – дайын өнімді жинап, қораптарға салу. Жаңа технологияны бір көргеннен басқарып кету мүмкін емес. Сондықтан, Испаниядан келген агроном бір жыл осы кешенде жұмыс істеп, жергілікті мамандарды үйретпек.

Қызылордадағы бау-бақша өнімдері көрші Түркістан облысына қарағанда қымбаттау болып келген. Енді осындай жылыжайлар облыстың басқа аудандарында да салынатындықтан сырттан тасымалданатын көкөніс бағасы азаяды, баға төмендейді деп күтілуде. Жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қызылорда облысы #көкөніс #баға #құрылыс

Читайте также

Похожие новости