Қызылордалық оқушылар креативті бетбелгі дайындаудан жарысты

Написать нам
15 қазан, 2018, 11:10 828 Қызылорда облысы
Қызылордалық оқушылар креативті бетбелгі дайындаудан жарысты

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» танымдық жобасы аясында «Сүйікті кітабыма қызықты бетбелгі» сайысы болып өтті

Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеті шыңдалған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 7-9 сынып оқушылары қатысып, оригами, жапсырма және өру техникалары бойынша түрлі материалдардан дайындалған кітапқа бетбелгілерін әзірледі.  

Сайыс қорытындысы бойынша 7 «А» сынып оқушысы Бейсенғали Ақнұр І орынды, 7 «В» сынып оқушысы Жалел Айжан мен 9 «В» сынып оқушысы Амантай Аружан ІІ орынды, 7 «В» сынып оқушысы Мұнайтбасова Жұлдызай және 8 «В» сынып оқушысы Ақылбек Сағыныш ІІІ орынды иеленді. Ерекше техника мен креативті дизайнмен ерекшеленген 9 «F» cынып оқушысы Рысмаханова Зеренің туындысы - «Үйлесімді бетбелгі», 7 «В» сынып оқушысы Дінмұханбетқызы Фатиманың жұмысы - «Креативті бетбелгі», ал 7 «А» сынып оқушысы Табынбай Әсемнің бетбелгісі - «Көркем бетбелгі» номинациясымен марапатталды. Оқу барысында өте қажетті көмекші құрал боп саналатын – кітап бетбелгілерін жасауда өз шеберліктерін көрсеткен және оқушылары толық қатысқан сыныптар, яғни 7 «А» сыныбы мен 9 «А» сыныбының оқушылары, арнайы дипломдармен марапатталып, «Ең белсенді шаңырақ» номинациясын иемденді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!