Қызылордалық шахматшы қыз әлем чемпионы атанды

22 қазан, 2018, 13:02 1004
Қызылордалық шахматшы қыз әлем чемпионы атанды

Қызылордалық Əсел Серікбай алтын медальді еншілеп, әлем чемпионы атанды.

Әсел Серікбай 16 жасқа дейінгі қыздар арасында жарысты. Ол блиц әдісі бойынша 9 турдан 7 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Шахматшы қыз 2011 жылы Польшада, 2017 жылы Румынияда өткен Әлем чемпионаттарында ерекше нәтиже көрсеткен. Алдағы уақытта классика бойынша жарысады. 31 қазан күні жарыс өз мәресіне жетпек. Оған 40 елден 300-ге жуық ойыншы қатысады.

Әсел Серікбай енді 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін Азия чемпионатында бағын сынап көрмек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қызылорда облысы

Читайте также

Похожие новости