Қызылордалықтардың 86,4 проценті МӘМС жүйесі туралы ақпаратпен таныс

09 қазан, 2018, 12:26 324 Қызылорда облысы
Қызылордалықтардың 86,4 проценті МӘМС жүйесі туралы ақпаратпен таныс

Жалпы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қажеттігі Елбасының «100 нақты қадам» институттық реформасының жоспарында, «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында да нақты атап көрсетілген. Жүйенің тиімділігі сарапшы мамандар тарапынан да жиі айтылуда

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанынан құрылған сайлауалды бағдарламаның «Денсаулық» бағытын жүзеге асырушы аймақтық комиссия өкілдері өңірдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы жұмыстардың орындалысын талқылады деп хабарлайды BNews.kz облыстық "Сыр бойы" газетіне сілтеме жасап. 

– «Нұр Отан» партиясы  тиісті салалармен бірлесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не? Оның тұрғындарға және тұтастай денсаулық сақтау жүйесіне тигізетін пайдасы қандай? Негізгі қағидалары не? – деген ашық сауладардың ара-жігін ажырату мен түсіндіру бойынша кең көлемді насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, облыс тұрғындарының 86,4 проценті МӘМС жүйесі туралы ақпаратпен таныс екендіктері анықталды. Дегенмен, МӘМС жүйесі белсенді емес халықтардың санатына байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, көрсетілетін медициналық қызметтердің енгізілуі екі жылға яғни, 2020 жылға шегеріліп отыр. Аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерлерінде де біраз өзгерістер болды. Сондықтан жүйенің артықшылықтары, жарна төлеу тәртіптері, көрсетілетін медициналық көмек пакеттері туралы біздер тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын әлі де еселей түсуіміз керек деді, – комиссия отырысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.

Жиында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлама жасап, қордық негізгі міндеттері мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Филиал директорының айтуынша, облыста тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС аясында қызмет етуге үміткердің деректі базасы құрылған. Бүгінгі таңда аталған деректер базасында 85 медициналық ұйымдар тіркелген, оның 61,1 проценті жеке, 38,8 проценті мемлекеттік медициналық ұйымдар. Келер жылға да келісім шарттар жасалынған.

– Ағымдағы қаржылық жылға филиал 65 медициналық ұйымдармен келісім шарттар жасасты.Олардың 35-і жеке,30-ы мемлекеттік медиициналық ұйымдар. Олардың саны 7 пайызға дейін көбейеді деп болжанып отыр, – деді Бақыт Исмаханбетов.

Сондай-ақ, филиал медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың электрондық жүйесі арқылы стационарлық және стационар алмастырушы медициналық көмек көрсетушілердің атқарған қызметіне күнделікті мониторинг жасап бақылап отырады. Сала бойынша ағымдағы жылдың 8 айында медициналық ұйымдар облысымыздың 125 010 тұрғындарына ем-дом көрсетілген.

Отырыста міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды ендіруге бағытталған жұмыстарда қаралды. Бұл бағытта жұмыстарды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Искаков жан-жакты баяндап өтті.

Жалпы жиын соңында қарапайым халықтың МӘМС жүйесінің жұмысын бақылап отыру үшін, мобильді қосымша енгізілсе, МӘМ сақтандыруда санаторийлік-курорттық ем алу қарастырылса деген түрлі ұсыныстар ортаға салынып, оны шешу үшін тиісті органдарға жолданатын болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!