ҚМДБ Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын жариялады - Жаңалықтар | BNews

ҚМДБ Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын жариялады

14 тамыз, 2018, 09:56 3174
ҚМДБ Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын жариялады

Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.

Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахаб (жағымды) амал.

Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет.

"Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады", - делінген хабарламада.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар