Көкшетауда автобустар электронды билетке ауысады

13 қараша, 2018, 16:25 1733 Ақмола облысы
Көкшетауда автобустар электронды билетке ауысады

Қазірде жаңа  жоба сынақтан өтуде.

Көкшетауда қоғамдық көліктер электронды билетке көшеді. Жаңа жоба жаңа жылдан бастап енгізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта "Kazintersoft" компаниясының өкілдері қаладағы №1, 25 бағытындағы автобустарда жаңа жүйені сынақтан өткізуде, деп хабарлайды BNews.kz  Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Тәжірибе жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл жүйенің қалай жүзеге асырылатыны, Smart картасын нақты қай жерден, алуға болатыны хабарлануы тиіс.

"Тексеруші сіздің жол жүру билетіңізді автоматты валидатор арқылы анықтайды. Кондуктордың жолақыны алу барысы да бақыланады. Талондар сәл өзгешелеу. Қазіргі уақытта қаладағы автобус парктері жаңа жүйені сынақтан өткізуде", - дейді "Kazintersoft" компаниясының директоры Мәулен Такиров.

Жаңа жылға дейін барлық қоғамдық көліктер мобильді терминалдармен жабдықталады деп күтілуде. Аталған жүйе тұрғындарға жолақыны банк картасымен төлеуге мүмкіндік береді.

"Жобаның артықшылығы, төлемдер онлайн-форматта қабылданады. Қағаз абонементтер болмайды. Бірақ жолақыны қолма-қол төлеу жүйесі қалады. Электронды билет жүйесі қозғалыстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Нақты статистика жүргізуге, салықтық түсімдерді арттыруға, қоғамдық көліктерді бақылауға ыпал етеріне сенімдіміз", - дейді Мәулен Такиров.

"Көкшетау қаласында жолаушылар көлігін жаңғырту" жобасы шеңберінде Қазақстанның Даму банкі арқылы қолданыстағы автобустардың 40-50 пайызын жаңарту қарастырылған.

"Автопаркті жаңарту уақыт талабы. Алайда жаңа көліктер жан-жақты тексерістен өткізілуі тиіс. Осы орайда, жолаушылардың пікірі де ескеріледі", – дейді "Көкшетау автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсия Шәрімова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар