Көкшетауда балаларға арналған коворкинг орталығы ашылды

30 қараша, 2018, 10:47 2453 Ақмола облысы
Көкшетауда балаларға арналған коворкинг орталығы ашылды

Орталық 4-14 жас аралығындағы оқырмандарға арналған.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi күнiне орай Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен Боровской шағын ауданында 4-14 жас аралығындағы оқырмандар үшiн қалалық ақпараттық-кiтапханалар жүйесiне кiретiн коворкинг орталығы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Коворкинг орталығы ойын және демалыс аймақтарына бөлiнген. Ойын аймағында Воркшоп (ойын аймағы) оқырмандардың ойын-сауық және танымдық қызығушылығын дамытуға арналған, бұл жерде Арт-бард (бормен және маркермен сурет салу тақтасы) бар. Ал келесі аймақта келушілер құммен жұмыс жасап, шығармашылықтарын шыңдай алады. Сондай-ақ орталықта балалар арнайы қосымшаны жүктеп, бағдарламамен жұмыс істеу мүмкндігіне ие.

Кiшкентай оқырмандар үшiн сенсорлық тақта аймағы да орнатылған. Бiр мезетте 8 бүлдіршін сурет салып, кроссворд шешiп, мультфильмдердi көре алады. Сондай-ақ, танымдық викториналарды шешіп, логикалық ойлауға арналған пазлдарды жинап, фильмдер көреді.  Ал Кьюти аймағында балалар сүйiктi кiтаптарын ыңғайлы орындарда отырып оқи алады.

Көпфункционалды, ақпараттық, бiлiм беру және мәдени алаңдары бар балалар коворкинг-орталығы - балалар мен ата-аналардың бiрлескен бос уақыты мен дамуы үшiн құрылған кеңiстiк болып табылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар