Көкшетауда қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердің байқауы өтті

09 қазан, 2017, 15:57 1486 Ақмола облысы
Көкшетауда қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердің байқауы өтті

Көкшетауда қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердiң бiрiншi республикалық көрме-байқауы өттi. Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бiрлестiгi мен аңшылық шаруашылығы субьектiлерiнiң республикалық қауымдастығы, Ақмола облысының әкiмдiгi ұйымдастырды.

Жетi қазынаның бiрi саналатын асыл тұқымды төбет төрт түлiк малды түз тағыларынан қорғаса, құмай тазыны қазақ халқы ежелден аңшылыққа пайдаланған. Бүгiнде көненiң көзiндей болған сол асыл тұқымдылар жойылмай, сақталып келе жатқан жайы бар.

Фото: Әсел Тұрар

Дүбiрлi додаға республиканың түкпiр-түкпiрiнен 100-ден аса тазы, төбет, спаниель, батыс-сiбiр лайкасы, дратхаар, ягдтерьер сияқты иттер əкелiндi.

Жарыс талабы бойынша иттер бiрнеше сынақтан өткiзiлiп, ең үздiктерiнiң иелерi арнайы диплом, кубок жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото: Әсел Тұрар

Еске сала кетейiк, Ақмола облысында 70 жуық адам асыл тұқымды ит асыраумен айналысады. 

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!