Көкшетауда "Наурыз аруы-2018" байқауы өтті - Жаңалықтар | BNews

Көкшетауда "Наурыз аруы-2018" байқауы өтті

20 наурыз, 2018, 15:46 4795 Ақмола облысы
Көкшетауда

Арулар ұлттық салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, өнерлерін ортаға салды.

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды насихаттау мақсатында "Достар" мәдениет сарайында қыздар арасында "Наурыз аруы-2018" атты қалалық байқау өттi, деп хабарлайды BNews.kz Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Байқау өзiн-өзi таныстыру, салт-дәстүрлер, "Көктем" тақырыбында сәндік киім көрсету, әдет-ғұрыптарға қатысты сұрақтарға жауап беру, шығармашылық өнерiн көрсету (өз қалауы бойынша) сияқты 4 кезеңді қамтыды.

Арулар бар өнерлерiн ортаға салды. Бiрi өлең жолдарын оқу өнерiмен тамсандырса, екiншiлерi мың бұралған билерiмен таң қалдырды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделi I-орынды Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогика колледжiнің студенті Фариза Еншілес иеленді. II-орынды Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенті Аяулым Камидоллина мен Көкшетау жоғары медициналық колледжінен келген Диана Алпысбаева алды. Ал, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінен қатысқан Гүлғайша Жақсылық пен №18 "Мирас" балабақшасынан Гүлзада Далдиева ІІІ-орынды еншіледі.

Сондай-ақ, қатысушылар "Парасатты", "Көрермен көзайымы", "Дарынды", "Білімді" номинациялары бойынша марапатталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар