Көкшетауда жылқы мен оның иесі қара жорға биледі - Жаңалықтар | BNews

Көкшетауда жылқы мен оның иесі қара жорға биледі

23 наурыз, 2018, 16:42 3203 Ақмола облысы
Көкшетауда жылқы мен оның иесі қара жорға биледі

Биші ат пен оның иесі СҚО-дан арнайы шақыртылған.

Көкшетауда Наурыз мерекесіне жиналған жұрт жылқының тамаша өнеріне тәнті болды, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көкшетаудың орталық алаңында Қара жорға биіне билеген жылқы мен оның иесінің видеосы желіні шарлап кетті. Ұйымдастырушылар республикалық ат спорты додаларының жеңімпазы Рамазан Махатовты Қызғалдақ аталған жорғасымен Солтүстік Қазақстан облысынан шақырған.

Көкшетау мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова биші ат пен оның иесін СҚО-дан арнайы шақыртқандарын айтты.

"Біз көрші облыстармен тығыз байланыс жасаймыз. Жазда СҚО-да болған спартакиада кезінде осы биші атты көрген едік. Шараға дайындалу барысында сол есімізге түсіп, Рамазанға хабарластық. Сөйтсек, ол Тараздағы турнирге дайындық үстінде екен. Дегенмен біздің өтінішімізді де жерде қалдырмады. Жорғаның Қара жорғаға билеуі неткен жарасымды еді", - деді Айгүл Сәбитова.

Оның сөзіне қарағанда, ат алғашында алаңдағы мұзға тайғанақтағанымен, ән шырқалған сәтті билей жөнелген.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар