Көктемгі су тасқынын алдын-алу үшін арнайы 42 пойыз жасақталды - Жаңалықтар | BNews

Көктемгі су тасқынын алдын-алу үшін арнайы 42 пойыз жасақталды

Көктемгі су тасқынын алдын-алу үшін арнайы 42 пойыз жасақталды

Компанияның өңірлік филиалдарында теміржолды қардан аршу жалғасуда, деп хабарлайды BNews.kz    "Қазақстан темiр жолының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі су тасқыны маусымына әзірлік барысында қалыпты пойыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін 42 пойыз жасақтады.  Теміржол, жасанды ғимараттарда селді өткізіп жіберу үшін пойыздар қиыршық тастармен, рельс пакеттерімен, темірбетон төсемелермен толтырылды.

"Өңірлердегі теміржол станциялары 2,5 мың текше метр қойтастар, 6 мыңнан астам темірбетон шпалдарын жиыстырды. Таяу арада ол пойыздарға цемент, түрлі сымдар жеткізілмек. Барлық жұмыстарды үйлестіріп отыру үшін қауіпті нысандарда арнайы жұмыс топтары құрылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқыны қаупін анықтау мақсатында "ҚТЖ" ҰК" АҚ магистральдық желі дирекциясы жергілікті әкімшіліктермен және төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп су қоймалары, ауыл шаруашылығы тоспаларын тексеруден өткізуде. Сонымен қатар, мемлекеттік автокөлік кәсіпорындары су өткізу жасанды ғимараттарын, теміржолға жақын автокөлік жолдарының жағдайын бақылауда ұстап отыр.

"Компанияның өңірлік филиалдарында теміржолды қардан аршу жалғасуда. Жыл басынан бері жол бойынан 180 мың текше метр қар шығарылды. Барлық қар тазалау техникалары магистральдық желіге 600-ден астам рет шығып қайтты", - делінген таратылған ақпаратта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар