Көлік полицейлері жыл басынан бері 130 кг есірткі затын тәркіледі

21 шілде, 2017, 16:32 725
Көлік полицейлері жыл басынан бері 130 кг есірткі затын тәркіледі

Өскеменде ҚР ІІМ Көліктегі ІІД көшпелі кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжілісте Департаменттің 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы талқыланып, көлік полициясының алдағы уақытта атқаратын негізгі міндеттері нақтыланды, деп хабарлайды Вnews.kz.

Жиынды ашқан Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі А. Қабылов Астана қаласында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесінің өту кезеңінде көлік сақшыларына жүктелген нақты міндеттерге тоқталды.

Департамент бастығының бірінші орынбасары Е. Бекенов ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, осы жылдың басынан бері Департаменттің қызмет көрсету аумағында барлығы 1437 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген, оның ішінде 956 қылмыс және 481 қылмыстық теріс қылықтар. Қылмыстардың жалпы ашылуы 71,8 %-ды құрады.

Есепті мерзім ішінде тіркелген адам өлтіру, тонау, алаяқтық қылмыстар 100% ашылды.

Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қылмыстар саны 6,4 %-ға төмендеді, соның ішінде ауыр қылмыстар 32 %, онша ауыр емес қылмыстар 23,4 %. Қоғамдық орындарда орын алған қылмыстар саны 5,9 %-ға төмендеді. Сондай-ақ, Е. Бекенов қылмыскерлерді іздестіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылғандығына тоқталды.

 «Осының нәтижесінде қылмыстары үшін ішкі істер органдарынан жасырынып жүрген 16 қылмыскер құрықталды», -деді ол.

Департаменттің желілік бөліністерінің күштерімен есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 246 факті анықталса, оның ішінде есірткі контрабандасының 7 фактісінің жолы кесілген. Заңсыз есірткі айналымынан 130 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Мемлекет басшысының ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру тапсырмасы аясында жыл басынан бері көлік полицейлері 28 865 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Басқосу барысында тәртіп сақшыларымен заңдылықтың сақталуы мен қызметтік тәртіпті нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Себебі бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдық пікір қалыптастырады және халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттырады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #қылмыс

Читайте также

Похожие новости