Көліктегі ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы парамен ұсталды

13 Сентября, 2018, 16:29 4326
Көліктегі ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы парамен ұсталды |  | BNews.kz

Ұстау барысында ол қарсыласқан және бой тасалауға әрекет жасаған.

12 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі сыбайлас жемқорлықта әшкереленіп, қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы лауазымды тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқорлығы үшін бұрын келісілген 50 000 АҚШ доллары сомасының 11,5 млн теңге көлеміндегі параны алу барысында ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомство берген мәліметке сүйенсек, ұстау барысында ол Ұлттық бюро департаментінің жедел департаменті қызметкерінің автокөлігін соқтығып, қарсыласу көрсеткен және бой тасалауға әрекет жасаған.

Атап өту керек, оның лауазымдық міндеттерінің аясына республика бойынша ұйымдасқан түрдегі қылмыстарды тоқтату және анықтау кірген.

Күдікті ұсталды және Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына орналастырылды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13932

Похожие новости