Көлсайда жаяу жүргіншілер бағдары жеңілдетіледі

17 сәуір, 2018, 17:23 2302 Алматы
Көлсайда жаяу жүргіншілер бағдары жеңілдетіледі

Көлсай маңында ағаш көпір салу жоспарланып отыр.

Алматы облысының басшылығы экотуризмді белсенді дамытпақ ойда. Басты назар алдымен Қайыңды көлі мен Көлсай маңында орналасқан Саты ауылына бөлінбек, деп хабаралайды BNews.kz.

Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының жетекшісі Ерлан Жайлаубайдың айтуынша Алматы облысында экотуризм басымдылыққа ие. Осы жылы Саты аулына дейін жол жөнделіп шықты.  

"Осы жылы Саты ауылына дейін жол жөнделді. Енді инвестициялар келеді деген үмітіміз бар. Көлсайға қатысты да тура солай. Инфрақұрылымға қаржы салына бастады. Қазір бір көлден екінші көлге жету үшін оңға кетіп, төбемен жүруге тура келеді. Адамдар бірінші бөлікті қиналай өту үшін ағаш пирс орнату жоспарлануда. Біз бұл соқпақты жеңілдетуді ойластырып отырмыз", - деді Ерлан Жайлаубай.

Ауылда қазір шағын бизнес дамып келе жатыр. Келуші туристердің жайлылығы үшін киіз үйлер, шағын үйлер орнатылып, кафе мен дүкендер ашылуда.

"Бұл жерде люкс мейманханалардың қажеті жоқ деп ойлаймын. Басты мақсат табиғатпен етене үйлесу. Ол үшін шағын қонақтық үйлер қажет", - деді Ерлан Жайлаубай.

Алайда Ерлан Жайлаубайдың ойынша, адамдардың басым бөлігі тауға шығуда кауәп пісіру және отырыстармен ғана шектеледі. Адамдар арасында таулы туризмге деген махаббатты ояту үшін альпиниада өткізу жоспарланып отыр.

"Өткен жылы біз қоғамдық қормен бірге балаларды тауда дұрыс және қауіпсіз жүру амалдарымен таныстырдық. Әкімшілік  ольпиниада ұйымдастырып, "Менің қалам - Алматы" байқауын ұйымдастыруда. Осылайша біз таулы туризмді насихаттаймыз", - деді Ерлан  Жайлаубай.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар