Колумбияда 12 тонна кокаин тәркіленді - Жаңалықтар | BNews

Колумбияда 12 тонна кокаин тәркіленді

09 қараша, 13:41 1671
Колумбияда 12 тонна кокаин тәркіленді

Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос полицейлердің 12 тонна кокаин партиясын тәркілегенін мәлімдеді, деп хабарлады Baq.kz Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз 40 жыл бұрын есірткіні заңсыз тасымалдаумен күресті бастадық. Алайда бұрын-соңды дәл мұндай көлемде есірткі тәркіленбеген», - деді Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос.

Полиция оның құнын 360 млн АҚШ долларына бағалады.

Панамалық полиция Оңтүстік Америкадан АҚШ-қа тыйым салынған заттарды тасымалдаған үлкен халықаралық есірткі тобын жойғанын мәлімдеді. Арнайы операция нәтижесінде 64 адам тұтқындалып, саудаға шығатын 4 тонна кокаин тәркіленген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары