Қопа көліне ақ амур мен дөңмаңдай балықтары жіберілді - Жаңалықтар | BNews

Қопа көліне ақ амур мен дөңмаңдай балықтары жіберілді

14 қараша, 17:51 1138 Ақмола облысы
Қопа көліне ақ амур мен дөңмаңдай балықтары жіберілді

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Көкшетаудағы «Қопа» көлiн балықтандыру шарасына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz. Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара аясында Зерендi балық питомнигiнде өсiрiлген 13 мыңға жуық ақ амур және 3 мыңға тарта дөңмаңдай балығы көлге жiберiлдi. Мамандар бұл шара көлдi табиғи жолмен тазартуға септiгiн тигiзетiнiн айтуда.

Облыс әкiмi балықтарды көлге шығару шарасы көлдi аймақ саналатын Ақмола өңiрi үшiн қажет деп атап өттi.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар