Кореялық компания Түркістанда заманауи нысандар салмақ

13 қыркүйек, 2018, 14:11 3149 Түркістан облысы
Кореялық компания Түркістанда заманауи нысандар салмақ

Шетелдік компания облыс орталығында түрлі әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер салуға ниетті.

Түркістан облысының әкімдігі кореялық "Хайвилл Қазақстан" компаниясымен құрылыс саласында ынтымақтастығын дамытуда, деп хабарлайды BNews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев "Хайвилл Қазақстан" компаниясының бас директоры Джон Дэ Кангты қабылдады. Кездесуде екіжақты әріптестікті күшейтіп, Түркістан қаласын дамыту мәселелері сөз болды. Өңір басшысы құрылыс саласында өзіндік орны бар кореялық компаниямен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Түркістан қаласын дамыту Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауында тұр. Алдымызда ауқымды міндеттер бар. Қазірдің өзінде Түркістанда ғимараттар салуға көптеген компаниялар қызығушылық танытып жатыр. Сіздерді де бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Келіссөзіміз сәтті аяқталса, жер беріліп, инфрақұрылым тартылады. Заман талабына сай нысандарды салуға мүмкіндіктеріңіз бар", - деді облыс әкімі. 

"Хайвилл Қазақстан" компаниясының бас директоры Джон Дэ Канг Түркістан қаласында түрлі әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер салуға ниетті екенін жеткізді. Кездесуде облыс әкімдігі мен компания басшылығы алдағы уақытта да келіссөздерді жалғастыру жөнінде уағдаласты. Жиыннан соң кореялық компания өкілдері Түркістан қаласын дамыту жөніндегі жобалар мен жоспарлармен танысты. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар