Қорғаныс министрлігінің борт технигі ұшырылым кезінде қайтыс болды - Жаңалықтар | BNews

Қорғаныс министрлігінің борт технигі ұшырылым кезінде қайтыс болды

14 наурыз, 10:50 1130 Қазақстан жаңалықтары
Қорғаныс министрлігінің борт технигі ұшырылым кезінде қайтыс болды

Оқиғаның себептері анықталуда.

ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі МИ-8 тікұшағында ұшырылым барысында борт техник қайтыс болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"13 наурыз күні жоспарлы ұшырылым барысында МИ-8 тікұшағының борт технигі Ж.Т. Тасыбеков қайтыс болды. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тексеру жүргізілуде", - деп хабарланды баспасөз баянында.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қайтыс болған әскери қызметкердің отбасы мен туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтады.

Ұқсас жаңалықтар