Қостанай облысында денсаулық сақтау мен білім салаларына цифрлық технологиялар енгізілуде

Написать нам
06 қараша, 2018, 17:03 2317 Астана
Қостанай облысында денсаулық сақтау мен білім салаларына цифрлық технологиялар енгізілуде

Осы саладағы интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 432,5 млн. теңге бөлінді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды BNews.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Биылғы жылы денсаулық сақтау мен білім беру объектілерінде Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 432,5 млн. теңге бөлінді", - деді Архимед Бегежанұлы.

Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша қалалық және ауылдық мектептердің 85%-ы және медициналық мекемелердің 93%-ы кеңжолақты Интернетке қосылады.

Облыстың білім беру ұйымдарын мультимедиялық және компьютерлік техникамен жабдықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Бұдан басқа, заманауи жабдықтармен және озық технологиялармен жарақтандырылған ақпараттық технологиялардың "Озат" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ашылды.

IT-мектебі жоғары сапалы білім беру қызметтерінің кең спектрін, дәл ғылымдар мен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқыту, бағдарламалау дағдыларын дамыту, IT-технологиялар мәдениетіне тәрбиелеуді ұсынады. Мектеп ғимаратының оқу корпусында робототехника, 3D-модельдеу және киберспорт бөлмелері бар.

Сонымен қатар, Архимед Мұхамбетов бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне, облыстың барлық медицина ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйе енгізілгені туралы хабардар етті.

Сондай-ақ Қостанай облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 17 млрд теңгенің жобалары іске асырылуда. 

"Облыста 17,0 млрд. тенге сомасында 45 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалды", - деді Архимед Мұхамбетов.

Жалпы инвестиция сомасы 27,0 млрд. теңгеден астам қаражатқа 68 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Білім беру саласында Арқалық, Лисаков және Жітіқара қалаларында  4 балалар бақшасы пайдалануға берілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар