Қостанай облысында "Жас мұғалімдер мектебі" әлеуметтік жобасы қолға алынды - Жаңалықтар | BNews

Қостанай облысында "Жас мұғалімдер мектебі" әлеуметтік жобасы қолға алынды

08 ақпан, 09:54 1675 Қостанай облысы
Қостанай облысында

Биыл аталған жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасына енгізіліп отыр. 

Білім беру саласында жас мамандар тұрақтамайды. Мәселен, Қостанай облысындағы мектептер мен колледждер жыл сайын 600-ге жуық жоғары оқу орындары түлектерімен толығады, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Алайда оқу жылының соңында олардың үштен бірі басқа жұмысқа ауысып кетеді екен. Ал облыстағы педагогтардың жартысынан астамының жасы зейнеткерлікке жақындап қалған.

Яғни бірнеше жылдан соң аймақта қадр тапшылығы мәселесі бой көтеруі мүмкін. Осыған орай Қостанайда "Жас мұғалімдер мектебі" атты әлеуметтік жоба қолға алынды. Қостанай облысында педагогика саласында 15 мың адам жұмыс істейді. Соның жартысынан астамы зейнет жасына жақындағандар. Жас мамандар келіп жатқанымен, дені көп тұрақтамайды. Әсіресе кәсіби білім беретін колледждерде ұстаздардың жаңа толқыны сиреп барады.

"Студенденттермен дұрыс қарым-қатынас орната алмағандықтан, жас мамандар басқа жұмысқа ауысып жатады. Әрине, әртүрлі мәселе көп. Тәжірибенің жетіспеушілігінен бе, әлде сол психологиялық тұрғыдан жас мамандардың дайын болмай келуі деп ойлаймын", - дейді Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің оқытушысы Алмат Оразов.

Осы жағдайды оңалту үшін Қостанайда "Жас мұғалімдер мектебі" әлеуметтік жобасы қолға алынды. Соның алғашқы сатысында жас ұстаздармен заңгер, психологтар екі күн бойы семинар-тренингтер өткізді.

"Қиын мәселелерден қашпау, жұмысқа орналасқан кезде студенттермен қарым-қатынасын жақсарту, арасында ата-анамен қарым-қатынасты үзбеу, әр-түрлі мәселелерді шешу. Міне, семинар-тренингтің мақсаты осындай", - дейді жоба жетекшісі Жанат Беласарова.

Мұндай семинар-тренингтер өз нәтижесін беретіндігі нақты тәжірибеде дәлелденген. Соңғы үш жыл бойы бұл жоба мектеп мұғалімдері арасында өткізілген еді. Соның арқасында орта білім ордаларында жас мамандардың қатары 15 пайызға артқан. Биыл аталған жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасына енгізіліп отыр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары