Қостанай облысында бюджетті қалыптастыру кезінде қаражатты көтерген 11 шенеунік жазаланды

17 қаңтар, 2019, 12:07 2963 Қостанай облысы
Қостанай облысында бюджетті қалыптастыру кезінде қаражатты көтерген 11 шенеунік жазаланды

Қадағалау актісі бойынша 8 млн теңге көлемдегі сомаға азайту туралы өзгерістер енгізілді.

Рудный қаласы прокуратурасы тарапынан жергілікті бюджетті қалыптастыру және мемлекеттік сатып алу сатысында бюджеттік қаражатты негізсіз көтеру фактісі анықталды, деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы орган тарапынан соманы алда тиімді және мақсатты бөлуді белгілеумен 8 млн теңге көлемдегі сомаға азайту туралы өзгерістер енгізілген. Жіберілген заң бұзушылықтар үшін жергілікті атқарушы органның 11 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген бюджеттік қаражатты мақсатсыз және ұтымсыз қолданбау бойынша алдын ала шаралар қабылданды. Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ТЭК" МКК тарапынан бір жыл ішінде  канализациялық тазарту құрылыс жұмыстарын орындаудан қалған 184 млн теңге көлемдегі ақшалай қаражат республикалық бюджетке кеш қайтарылған. Қадағалау актісі бойынша осы сома мемлекет бюджетіне өндірілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар