Қостанайда 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

07 қараша, 2017, 11:19 1426 Қостанай облысы
Қостанайда 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

Қостанай облысында 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді, деп хабарлады Baq.kz. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД-ге сілтеме жасап alau.kz жазады.

Оқиға Қарабалық ауданының Котлованное ауылында болған. 24 қазан күні Қарабалық ауданының ішкі істер басқармасына Котлованное ауылының тұрғыны 58 жастағы қызының жылқы іздеуге кетіп, қайта оралмағаны туралы арыз жазған.

«Осы факті бойынша тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған әйелді іздеуге кірісіп, Котлован ауылынан бір шақырым жерден көптеген дене жарақаты бар әйелдің денесін тауып алды. Қайтыс болған әйелдің белінде капрон жіптен жасалған арқан байлаулы тұрған. Анасының айтуынша, әйел арқанның бір ұшын өзінің беліне байлап, атты осылай жетектеп қайтпақшы болған», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Ainanews.kz газетінің мәліметінше, біраз уақыт бұрын әйел бұғанасын сындырып алғандықтан, арқанды қолымен ұстай алмаған. Жорамал бойынша, ат бір нәрседен үркіп, әйелді ала қашқан. Біраз сүйреткеннен кейін арқан қажалып, үзіліп қалған тәрізді. Мойнын арқан қиған ат ауылға өзі келген. Медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша, әйел қатты жарақаттанып, миына қан құйылып өлген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар