Қостанайда балабақшаға онлайн кезекке тұру жүйесі енгізілді

05 қараша, 2018, 10:11 1929 Қостанай облысы
Қостанайда балабақшаға онлайн кезекке тұру жүйесі енгізілді

Бүгінде жаңа жүйеге қалалық білім бөлімімен қатар 24 мемлекеттік және 43 жекеменшік балабақша қосылды.

Бұдан былай қостанайлықтар балаларын онлайн түрде балабақшаға орналастыра алады. Облыс орталығында бөбекжайға кезекке тұрудың электрондық жүйесі енгізілді, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Жаңашылдық "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде әзірленген.

Автоматты жоба кезекті жылдамдатуға және жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік бермек. Бүгінде жаңа жүйеге қалалық білім бөлімімен қатар 24 мемлекеттік және 43 жекеменшік балабақша қосылды. Электрондық кезекке тоғыз мыңға жуық бала тіркелген.

"Ата-ана арнайы веб-порталға өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, балаға қатысты мәліметтерді орналастырады. Бұдан кейін сайттан күн сайын бос орындар туралы ақпаратты бақылап отырады. Ұялы телефонға бос орын туралы хабарлама келсе, үш күннің ішінде балабақшаны таңдап, жолдаманы рәсімдейді. Өтініш толтыруға, жолдама беруге білім бөлімінің мамандары араласа алмайды", - дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Василий Цымбалюк.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар