Қостанайдағы автобустар электрондық билетке көшірілді 

15 қаңтар, 2019, 18:22 2113 Қостанай облысы
Қостанайдағы автобустар электрондық билетке көшірілді 

Қазіргі уақытта алты қоғамдық көлік тиісті сынақтан өткізіліп жатыр.

Қостанайда қоғамдық көліктер электрондық билетке көшіріледі, деп хабарлады "Хабар 24".

Бүгінде жолақы төлеудің автоматты жүйесі сынама ретінде алты маршруттық автобусқа орнатылды. Тұрғындарға арналған электрондық билеттердің бірнеше түрі шығарылады. Оқушылар үшін мектептерде үлестірілсе, ересектердің арнайы сауда орындарынан сатып алуларына болады. Ал жеңілдігі бар жандарға әлеуметтік қорғау органдары арқылы беріледі. Жоба сынақтан өткізілген соң, валидаторлар қала бойынша қатынайтын барлық автобусқа орнатылады. Айта кетерлік жайт, жол ақысын қолма-қол төлеу жүйесі сақталады.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Нұралы Есіргепов енгізілген электрондық жүйенің оңтайлы тұстарын атады.

"Бұл арқылы біз тасымалдаушылар кəсіпорындарының ашықтығын, олардың қаржылық қызметін қадағалай аламыз. Осы негізде тарифті көтеру немесе төмендету қажеттілігі көрінеді. Мұның сыртында қалалық әкімдікке қандай маршруттарды субсидиялау керектігін саралау оңай болмақ", - деді Нұралы Есіргепов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар