Қостанайдағы дүкенді аяусыз тонағандарды полиция қызметкерлері ұстады - Жаңалықтар | BNews

Қостанайдағы дүкенді аяусыз тонағандарды полиция қызметкерлері ұстады

01 наурыз, 2018, 15:54 1661 Қостанай облысы
Қостанайдағы дүкенді аяусыз тонағандарды полиция қызметкерлері ұстады

Дүкенге шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды, ал біреуі іздестірілуде.

Қылмыскерлер кассадан 200 мың теңге ұрлаған. Қалалық прокуратураға ұсталғандарды қамау түрінде алдын алу шарасын қолдану туралы өтініш берілді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қостанай қаласы Ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің басшысы Руслан Журкабаевтың айтуынша, дүкеннің күзетшісі мен сатушысы жеңіл дене жарақаттарын алған.

"Шабуыл жасағанға дейін күдіктілердің бірі дүкенге кіріп, бір қорап темекі сатып алған. Сыртқа шыққан соң олар қалай әрекет ететіндері туралы жоспарлап алған. Дүкеннің есігі ашық болған. Сатушы тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, темір торды жаппаған. Барлығы өте тез болған, дүкен қызметкерлері дабыл түймешігін басып үлгермеген. Ұрылар ақшаны алып болған соң дүкеннен жылдам шығып, ұн тарту комбинатына қарай жүгіріп кеткен де, сол жақтан такси ұстап кетіп қалған", - деп хабарлады Руслан Журкабаев.

Қылмыскерлердің үшеуі де 30-ға дейінгі жас аралығында.

"Жедел қолға түсіру шарасы барысында шабуыл жасағандардың бірі ұсталды. Ол қылмыстық істі өзінің достарымен бірге істегендерін мойындап, түсініктеме берді. Олар сол дүкенде орналасқан қызметтерге ақы төлейтін терминалды ашпақ болып, өздерімен бірге шеге суырғыш алып келген. Яғни қылмыстық іс аяқ астынан емес, жоспарлы түрде болған. Қолға түскен азамат ұрлық жасардан бір күн бұрын олар спирттік ішімдік ішкендерін де атап өтті", - деп сөзін толықтырды полиция қызметкері.

Еске сала кетейік, Қостанайдағы азық-түлік дүкенін ақпанның 27-сінен 28-іне қараған түні үш ер адам аяусыз тонаған болатын. Бейнежазба кадрларында дүкенде еден жуып жүрген әйелге бірнеше ер адам күш көрсеткені анық көрінеді. Олар әйелді, сонымен қатар оған көмекке келген жас жігітті жерге жығып, кассадағы ақшаны алып кеткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар