Астана тұрғындары 2 мың тоннадан астам қоқысты қайта өңдеуге өткізді

12 қазан, 2018, 20:09 3001 Астана
Астана тұрғындары 2 мың тоннадан астам қоқысты қайта өңдеуге өткізді

Қаланың төрт ауданына қатты тұрмыстық қалдықтардың  жинау үшін 1118 сары контейнер орнатылды.

Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауда екі фракцияны ұйымдастыру бойынша жобаның қорытындысы шықты. Бүгінде қаланың төрт ауданына қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) құрғақ фракциясын жинау үшін 1118 сары контейнер орнатылды, деп хабарлайды BNews.kz астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше сары контейнерлерден жиналған екінші рет өңделетін шикізаттың көлемі 2004 тоннаны құрады.

"Талдаудың қорытындысына қарап, мамандар астана азаматтарының ҚТҚ жинауы айтарлықтай жақсарып келеді деп тұжырымдады. Сары контейнерге көбіне пластик, картон, қағаз тастаған – 20-30%. Ал шыны, металл, электр тұрмыстық қалдықтарды тастаған тұрғындар аз", - делінген ведомстваның хабарламасында.

Еске сала кетейік, Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау екі фракция бойынша "құрғақ" (пластик, қағаз, шыны, металл, электр тұрмыстық техникалар) және "дымқыл" (азық-түлік  және басқа да сулы қалдықтар).

Жоба шеңберінде ҚТҚ бөлек жинау жүйесін ұйымдастыру бойынша 2565 контейнер алаңдарын жыл соңына дейін 6276 контейнерге дейін жеткізу жоспарлануда.

"Қалдықтарды бөлек жинаудың пилоттық жобасын іске асыру қоқыс полигондарының көлемін азайтып, елдегі қайта өңдеу саласын дамытуда", - дейді өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторының қызметкерлері.

Жыл сайын Астанада 300 мың тонна қалдық шығарылады. Күніне 1000 тоннаға жуық қоқыс полигонға тасылды. Қалдықтың 45% (маусымға қарай) қайта өңдеуге жөнелтілуі мүмкін. Факті бойынша бүгінде Астанада 10% ҚТҚ қайта өңделеді. ҚТҚ бөлек жинаудың екі фракциясын енгізу қайта өңдеудің деңгейін 25% дейін көтеруі мүмкін. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар