ҚР Бас санитарлық дәрігері сертификатсыз ойыншық алмауды ескертті - Жаңалықтар | BNews

ҚР Бас санитарлық дәрігері сертификатсыз ойыншық алмауды ескертті

27 желтоқсан, 16:52 1609 Астана
ҚР Бас санитарлық дәрігері сертификатсыз ойыншық алмауды ескертті

Ол сатушылардан ойыншықтың қауіпсіздігін растайтын сапа сертификатын сұрауға кеңес берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Жаңа жылға балаға дұрыс ойыншық таңдаудың маңызын түсіндірді.

«Ең бірінші тұтынушылар, ойыншықтың қауіпсіз екенін растайтын сертификатты талап ету керек. Егер сатушыда мұндай құжат болмаса, бұрылып кете беруіңізге әбден болады», - деді Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері.

Бекшин балалар тауарларын сатып алған кезде иісі мен бояуыштар сапасына аса назар аудару керектігін атап өтті.

«Егер жағымсыз иісі болса, оны қолдануға болмайды. Ал қолыңызға ұстаған кезде бояуы жұғып қалса мұндай ойыншықты да алмая қойғаныңыз абзал. Сондай-ақ ойыншықтың қауіпті қырлары немесе бала жұтып қоятындай тым ұсақ бөлшектері болмауы тиіс», - деді ол.

Осы жылы сапасыз және қауіпті ойыншықтарды анықтау мөлшері, өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді.  Олардың 35,6%-ы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейді, оның ішінде 4,7% физико-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша  сәйкессіздік болса, қалған 95%-ы таңбалауға қатысты талапқа сай келмеген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары