Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты - Жаңалықтар | BNews

Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты

13 ақпан, 16:47 801 Астана
Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты

Бибігүл Асылованың айтуынша, оның айлығы шамамен 600 мың теңге.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова министрліктің кеңейтілген алқа отырысы кезінде журналистерге берген сұхбатында өзінің жалақы көлемі туралы айтты, деп хабарлайды  BNews.kz.

"Менің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілім үлкен, жалақы көлемі білім деңгейі мен жұмыс өтіліне байланысты. Яғни барлық орталық органдардағы мемлекеттік қызметкерлер, департамент директорлары, вице-министрлердің бәрі бір кесте бойынша өтеді. Бізде ешқандай қосымша төлемдер, үстемақы жоқ, менің айлығым шамамен алты жүз мың теңге", - деді Бибігүл Асылова.

Естеріңізге сала кетейік, Бибігүл Асылова ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметін 2016 жылдан бері атқарады. Оған дейін бұл қызметті Тахир Балықбаев атқарған.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар