ҚР ДСМ мүгедектікті қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін ауру түрлерінің тізбесін кеңейтуді жоспарлауда

10 Декабря, 2018, 17:57 2428
ҚР ДСМ мүгедектікті қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін ауру түрлерінің тізбесін кеңейтуді жоспарлауда |  | BNews.kz

Тізбенің жобасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келісу және бұйрығыққа енгізу үшін жіберілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мүгедектік тобы және (немесе) кәсіби еңбекке қабілеттілік деңгейінің дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін қайтымсыз анатомиялық ақаулар тізбесін кеңейтуді ұсынды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Атап айтқанда, Мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін анатомиялық қайтымсыз ақаулардың тізбесін 49-дан 70 нозологияға дейін ұлғаятын болады. Яғни, Тізбе мынадай аурулармен толықтырылады: балалардың ауыр дәрежедегі церебралдық параличі, екі көзінде де 3-4-дәрежедегі ашықбұрышты глаукома, екі көзінің де торқабығының тотальды ажырауы, көру жүйкесінің бастапқы және қайталама атрофиясы, тұқым қуалайтын нейро-бұлшықет аурулары, ауыр дәрежедегі миастения, Даун сырқаты, жүйелік склеродермияның ауыр ағымы, омыртқа ақауы анық байқалатын анкилоризденген спондилоартрит, аутизм және басқалар", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, тізбенің осы жобасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келісу және "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығына енгізу үшін жіберілді.

Бұдан басқа, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлейтін Мүмкіндіктері шектелген адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған ұлттық жоспарының жобасына мүгедектіктің алын алу және ескерту бойынша ұсыныстар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 9 қазанда ҚР Үкіметінің "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мүгедектік тобы және (немесе) кәсіби еңбекке қабілеттілік деңгейінің дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін қайтымсыз анатомиялық ақаулар тізбесін кеңейту бойынша бастама көтерген.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13854

Похожие новости