ҚР ДСМ ресейлік төрт компанияның сапасыз өнімдерін дүкен сөрелерінен алып тастап жатыр

24 қазан, 2018, 14:24 1525 Астана
ҚР ДСМ ресейлік төрт компанияның сапасыз өнімдерін дүкен сөрелерінен алып тастап жатыр

Қазіргі уақытта сапасыз өнімдерді өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу аясында Қазақстанға Ресей Федерациясының төрт өндірушісі жеткізетін тамақ өнімдерінің сынамаларында жалпы микробтық тұқымдану көрсеткіші бойынша гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің тізімінде төмендегідей өндірушілер бар:

- "ФинИнвест" ЖШҚ (РФ) – "Котлетный" тартылған ет;

- "СПК Курников" ЖШҚ (РФ) – "Натуральный", "Крестьянский" тартылған ет;

- "Ставропольский бройлер" ЖАҚ (РФ) – бройлер балапаны қанаты;

- "Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ (РФ) – "Особая со шпиком" шұжығы.

"Қазіргі уақытта сапасыз өнімдерді өткізушілерге қатысты, оның ішінде сауда объектілерінен сапасыз тауарды алып тастау бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда. Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнім анықталған болса, комитеттің мекенжайына жазбаша және 8 7172 74-26-97 телефон нөміріне хабарласуға болады", - деп хабарлады комитетте.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар