Базарбай Нұрабаевқа мүлкінің тәркіленуімен, мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымда өмір бойы қызмет ету құқығынан айыра отырып, жеті жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Пара алды деген айыпқа іліккен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы төрағасы Базарбай Нұрабаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды BNews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
"Нұрабаев Базарбай Қанайұлы ҚР ҚК-нің 361-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылсын. 58-бапты ескере отырып, Нұрабаев Базарбай Қанайұлына мүлкінің тәркіленуімен, мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымда өмір бойы қызмет ету құқығынан айыра отырып, 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Асхат Әшірбеков.
Сонымен бірге, "СК Петролиум" ЖШС-мен байланысты айыптауға қатысты ҚР ҚК-нің 366 бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен, кінәсіз деп танылды.
"Ол "Сырдария Қызыл миа" ЖШС-мен байланысты айыптауға қатысты ҚР ҚК-нің 366 бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары бойынша айыбы дәлелденбегендіктен ақталды деп танылсын. Нұрабаев бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіптілігі орташа мекемесінде өтесін", - деген шешім шығарды судья.
Еске салсақ, Базарбай Нұрабаев 2017 жылдың 6 наурызында қамауға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюросының хабарлауынша, ол "Акмола Голд" ЖШС өкілінен жер қойнауына мемлекеттік зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін келісімшарт жасауға көмек беру мақсатында 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан кезде қолға түскен.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан жаһандық БҰҰ Конгресін өткізуге дайын екенін мәлімдеді
-
Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның пара алғаны туралы күдік жоққа шығарылды
-
"Қазгидромет" басшылары пара алды деген күдікпен ұсталды
-
Пара алған Зеренді ауданының әкімін ұстау барысында 2 млн теңге тәркіленді
-
Абай ауылындағы баланы зорлау туралы іс бойынша жасөспірім 7 жылға сотталды
-
Атырау облысы әкімдігіндегі параға қатысты даудан соң барлық басқарма тексеріледі
-
Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды
-
Әбдіқалықова: Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам қалыптастырудың өзіндік моделін жасады