ҚР ІІМ Қарағандыдағы адам өліміне қатысты іс бойынша күдіктінің өз еркімен берілуіне кеңес берді

8 Января, 2019, 12:40 2315
ҚР ІІМ Қарағандыдағы адам өліміне қатысты іс бойынша күдіктінің өз еркімен берілуіне кеңес берді |  | BNews.kz

Кейбір желілерде күдіктінің өз еркімен берілуге әзір екендігін мәлімдеуіне қарамастан, бүгінге дейін полиция қызметкерлерімен ешкім байланысқа шықпады.

ҚР Ішкі істер министрлігінде Қарағандыдағы адам өліміне қатысты іс бойынша күдіктінің өз еркімен берілуге әзір екендігін мәлімдеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz. ІІМ-нің мәліметінше, қазіргі уақытта бұзақылық әрекеттері үшін және 23 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде Қарағанды қаласында 8 адам ұсталып, қамауға алынды. 

"Күдіктілердің бірі азамат Гурурянға іздеу жарияланды. Іздестіру барысында полицияның арнайы тобы күдікті жасырынуы мүмкін жерлерге аттанды. Кейбір желілерде күдіктінің өз еркімен берілуге әзір екендігін мәлімдеуіне байланысты оның туған-туыстарына 2 күн бұрын біздің қызметкерлердің байланыс телефондары берілді. Алайда, бүгінге дейін оларға ешкім байланысқа шықпады", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствода атап өткендей, ҚР ІІМ істі жан-жақты, объективті тергеуге кепілдік береді.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі істі жан-жақты, объективті тергеуге кепілдік береді және азамат Гурурянға істі ауырлатпау үшін полиция қызметкерлеріне өз еркімен берілуі қажеттігін ескертеді. Істі тергеу барысы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің айрықша бақылауына алынды", - деді ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Атап өткен жөн, бірқатар БАҚ-та пайда болған Гурурянның видеоүндеуінде күдікті Қазақстан билігіне берілуге дайын екендігін, алайда кісі өлтіруге қатысы жоқ екендігі туралы мәлімдеген.

"Мен Қазақстан Республикасының билігіне берілуге дайынмын және биліктен менің қауіпсіздігімді қамтамасыз етуді, сондай-ақ тергеу жұмыстарын ашық түрде жүргізуді сұраймын. Мен өз әрекетім үшін жауапкершілікті мойныма алуға дайынмын, бірақ өзгенің күнәсін өзіме ала алмаймын - мен адам өлтіруші емеспін", - деді күдікті.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 1 қаңтарға қараған түні Қарағандыдағы "Древний Рим" мейрамханасында жанжал болып, соңы топтық төбелеске айналды. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі түрлі деңгейдегі пышақ жарақатын алды.


Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13934

Похожие новости