ҚР Қарулы Күштерінде Ауған соғысының батырлары туралы еске алу шаралары өтуде

06 ақпан, 2019, 17:28 1641
ҚР Қарулы Күштерінде Ауған соғысының батырлары туралы еске алу шаралары өтуде

Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 30 жылдығына орай соғыс ардагерлерімен кездесу, "Ашық есік күні" сияқты іс-шаралар өткізілуде.

Жаппай ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 30 жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда "Батыс" ӨңҚ әскери қызметшілерінің соғыс ардагерлерімен кездесуі өтті. Іс-шара қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған үнсіздіктен басталды.

"Кездесу барысында интернационал жауынгерлер запастағы подполковник Мұхамеджан Тоқманбетов пен запастағы майор Қамалбек Бектілеуов 10 жылдық қантөгіс соғыс туралы естеліктерімен, сондай-ақ жауынгерлік жағдайларда алғна дағдысымен және білімімен бөлісті. Құрлық әскерлерінің Әскери институтында іс-шара үйінен алшақта қаза болған жауынгерлерді еске алу ретінде "Годы опаленные войной" ерлік сабағы форматында өтті", - делінген хабарламада.

Іс-шараға Кеңес Одағының батыры, ауған соғысына қатысқан Николай Иванович Кремениш шақырылды. Ол болашақ офицерлермен ұрысқа қатысқан естеліктері, қызметтестері, олардың ерліктері мен қайсарлықтары туралы ой бөлісті.

Министрліктің мәліметінше, Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық көмек көрсету бойынша тапсырманы сәтті орындағаны және танытқан батылдығы мен ерлігі үшін Николай Кременишке Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Алматы гарнизонына қарасты Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің бірінде жоғары сынып оқушылары үшін "Ашық есік күні" акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық борышты орындау кезінде қаза болған жауынгерлердің мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.  

"Акция барысында офицерлер мен сержанттар қонақтарды әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстырып, авиациялық техниканың оқу үлгілерін паш етті, сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерін пайдалану мүмкіндіктері туралы айтып берді", - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінде.  

Сонымен қатар, оқушылар арасында белтемірде нормативтерді орындау бойынша сайыс өткізілді. Оның қорытындысы бойынша анағұрлым ерекше көзге түскендер грамоталармен марапатталды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ауған соғысының 16820 ардагері өмір сүруде. Олар өскелең ұрпақпен ұдайы кездесулер өткізіп, әскери-патриоттық іс-шараларға белсене қатысады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар