ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарушы тағайындалды - Жаңалықтар | BNews

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарушы тағайындалды

08 тамыз, 18:29 1630 Астана
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарушы тағайындалды

Марат Шайхутдинов осыған дейін  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарушы болып Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов тағайындалды, деп хабарлады BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Ерсайынұлы Шайхутдиновқа Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарған Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Ал бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Наурызбайұлы Рыспаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары