ҚР Премьер-министрі Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында болды

16 Марта, 2017, 11:34 742
ҚР Премьер-министрі  Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында болды |  | BNews.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында әлемдегі ірі кәсіпорындардың біріне айналған Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Б.Сағынтаевқа нысан құрылысы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы баяндалды. Бұдан соң карьердің шолу алаңында ҚР Премьер-Министріне кен алу технологиясы жайлы әңгімеленді, ал сәл кейінірек сульфид кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасында Премьер-министрге кенді байыту технологиясы таныстырылды», - деп хабарлады primeminister.kz.

2016 жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан тотықтандырылған кеннен мыс өндіру бойынша Ақтоғай кешені жобалық қуаттылығына шығарылды. Биылғы жылдың соңына қарай катодты мыс өндірісі көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты KAZ Minerals Тобының жобасы болып табылады, ол Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында аттас кентке жақын орналасқан ашық түрдегі ірі кен орны. Әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кен орындарының қатарына кіреді. Бұл соңғы бес жылды алып қарағандағы ең ірі индустриалды құрылыс.

Еске салайық, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел аймақтарына жұмыс сапарларын бастады. Премьердің жұмыс кестесіндегі алғашқы аймақ Шығыс Қазақстан облысы болды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13869

Похожие новости