ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің жаңа басшысы тағайындалды - Жаңалықтар | BNews

ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің жаңа басшысы тағайындалды

26 шілде, 12:39 3141 Астана
ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің жаңа басшысы тағайындалды

Бұл қызметті Зарина Нұрланқызы Нұрланова атқарады.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Зарина Нұрланқызы Нұрланова ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің басшысы – ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Зарина Нұрланова 1986 жылы Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "әлеуметтану" мамандығы бойынша, 2017 жылы "КАЗГЮУ университеті" АҚ және UBIS университетін іскерлік әкімшіліктендіру мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2009 жылы "Arna Media Advertising" ЖШС менеджері ретінде бастаған. Түрлі жылдары "Қазконтент" АҚ атқарушы, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен, Еуразиялық интеграция институтын басқарған, сондай-ақ, ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі лауазымын атқарған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары