ҚР Премьер-министрі: Кәсіпорындар Индустрия 4.0 жеткенше, әлем одан әрі дамып кетеді - Жаңалықтар | BNews

ҚР Премьер-министрі: Кәсіпорындар Индустрия 4.0 жеткенше, әлем одан әрі дамып кетеді

13 ақпан, 11:50 893 Астана
ҚР Премьер-министрі: Кәсіпорындар Индустрия 4.0 жеткенше, әлем одан әрі дамып кетеді

Республиканың Инвестиция және даму министрлігі Нұрсұлтан Назарбаевтың 9 ақпан күні өткен кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларын орындау жұмысына кірісті.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бүгін өткен Үкімет отырысы кезінде өндіріс орындарына  4.0 элементтерін енгізуді жылдамдатуды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өнеркәсіптік дамудың келесі кезеңі 4.0 элементтері бар технологиялық дамудың сапалы жаңа деңгейіне өту. Өткен жылы техникалық қайта жабдықтау бойынша жұмыс шаралары атқарылды. Олар "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енгізілді", - деді өзінің баяндамасында республиканың Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.      

ҚР Инвестиция және даму министрі цифрландыру аясында биыл 7 моделдік цифрлық фабриканы цифрлау бойынша жұмыстар басталатынын атап өтті.

"Жүйе құрушы өндіріс орындары параллельді түрде Индустрия 4.0 технологияларын ендіру бойынша 14 жобаны жүзеге асырады, олардың үшеуі биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Осы жыл барысында өндірістің негізгі саласында цифрландыруды барынша ынталандыруды қолдау шараларының кей тұстарын қайта қарап шығуды жоспарлап отырмыз", - деді Қасымбек.  

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев өндірістік кәсіпорындарда цифрландыруды жылдамдатуға шақырды.

"Өздеріңіз айттыңыздар, әзірше өндірістің басым бөлігі 2.0 деңгейінде деп, олар Индустрия 4.0 жеткенше, дүниежүзі көш ілгері ілгері дамып кетеді", - деді Премьер-министр.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары