ҚР Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды

29 қараша, 2018, 17:48 1666 Астана
ҚР Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар