ҚР Президенті Satbayev University ректорын қабылдады

05 ақпан, 2019, 18:25 1636
ҚР Президенті Satbayev University ректорын қабылдады

Кездесу барысында Мемлекеттік басшысына университеттің даму перспективалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекеттік басшысы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне университеттің даму перспективалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев оқу орнының отандық білім беру жүйесінде ерекше орын алатынын атап өтіп, индустрияландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын айтты.

"Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет – инженер маман даярлайтын ең ірі оқу орындарының бірі. Біз оны дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап келеміз. Университетке дербестік берілген. Сонымен қатар, бұл оқу ордасы зерттеу университетіне айналды", – деді Қазақстан Президенті.

Ескендір Бейсембетов қолданбалы жобаларды жүзеге асыру үшін қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ әлемдік үрдістерді ескере отырып, білім беру сапасын арттыру үшін атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Нұрсұлтан Назарбаев #білім беру

Читайте также

Похожие новости