ҚР СІМ Корея мен КХДР арасындағы келіссөздерге қатысты пікірін білдірді

10 қаңтар, 2018, 14:21 1136
ҚР СІМ Корея мен КХДР арасындағы келіссөздерге қатысты пікірін білдірді

Солтүстік Кореяның Пхенчханда өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы толыққанды корейаралық диалогтың қайта жаңаруына бастау болып, Корей түбегіндегі шиеленісті жеңілдетуге жәрдемдесетініне үміттенеміз, деп мәлімдеді еліміздің Сыртқы істер министрлігі.

Мәлімдемеде Қазақстан Республикасы 2018 жылдың 9 қаңтарда өткен Корея Республикасы мен Корея Халық Демократиялық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді құптайтыны және екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін екі елдің күш-жігерін жоғары бағалайтыны айтылған.

«Солтүстік Кореяның Пхенчханда өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы толыққанды корейаралық диалогтың қайта жаңаруына бастау болып, Корей түбегіндегі шиеленісті жеңілдетуге жәрдемдеседі деп үміттенеміз. Корея Республикасы мен Солтүстік Корея арасындағы белсенді диалог Корей түбегінің денуклеаризация мәселесіне оң әсерін тигізетін болады деген сенімдеміз», - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайдың диалог пен келіссөздер арқылы реттелуін дәйекті қолдайды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, сондай-ақ өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде Қазақстан барлық мүдделі тараптарды Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық бағдарламалары бойынша келіссөздер үдерісін жедел қайта қозғауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Корея КХДР-ға шекара маңындағы қарусыздандырылған аймақта жоғары деңгейлі кездесу өткізуді ұсынған болатын. Басты мақсат – солтүстіккореялық спортшылардың Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу жайын талқылау.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар