ҚР Сыртқы істер министрі Қызыл Крест вице-президентімен кездесті

30 қазан, 2018, 18:08 2275 Астана
ҚР Сыртқы істер министрі Қызыл Крест вице-президентімен кездесті

Тараптар Қазақстанның комитетпен ынтымақтастығын талқылады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) Президенті Петер Маурердің "Ядролық қару: жаһандық апаттың алдын алу" үндеуін мемлекет басшылығына жолдау үшін Астанаға іс-сапармен келген ХҚКК вице-президенті Жиль Карбоньені қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызыл Крестің өкілі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусызданудағы рөлін және бірқатар дағдарыстық жағдайларды реттеудегі еліміздің делдалдық әрекетін жоғары бағалады.

Тараптар Қазақстанның Қызыл Крестпен ынтымақтастығын, Сириядағы жағдайды реттеудегі Астана процесінің үлесін, Ауғанстанға гуманитарлық көмек, қақтығыс аймақтарындағы ХҚКК-ның делдалдық қызметін және еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы жұмыс тәжірибесін ескере отырып, болашақ өзара ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар