ҚР Үкіметінде техникалық реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды - Жаңалықтар | BNews

ҚР Үкіметінде техникалық реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды

06 ақпан, 14:58 849 Астана
ҚР Үкіметінде техникалық реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек техникалық реттеу жүйесін жетілдіру туралы баяндады

Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, жүйені жетілдіру екі кезеңде жүзеге асырылады, деп хабарлайды BNews.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. Техникалық реттеудің қолданыстағы инфрақұрылым жүйесі техникалық реттеу және стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау, мемлекеттік бақылау сияқты төрт негізгі бағыттан тұрады.

Бүгінде стандарттау мәселелері бойынша бизнесте көптеген құжаттарды қағаз түрінде ұсыну проблемасы кездеседі. Осыған байланысты "Стандарттау туралы" заң жобасы әзірленді, оның аясында автоматтандырылған жүйелер - стандарттау жөніндегі ұлттық орган арқылы жұмыс істейтін, стандарттау процестерінің бірыңғай операторы анықталады. Жаңа тәсілдегі басты рөл стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге - "мемлекет - бизнес - тұтынушы" қағидаты бойынша ұлттық стандарттарды талқылайтын диалогтық алаңдарға беріледі.

"Заңның қабылдануымен стандарттарды бастамалық әзірлеу бойынша жағдайлар жасау, сондай-ақ Қазақстан аумағында шетелдік стандарттарды қолдануды жеңілдету тұрғысынан бизнес ахуал жақсартылады", - деді Жеңіс Қасымбек.

Инвестициялар және даму министрлігі метрология саласында да жұмыстар жүргізіп жатыр. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" заңға өзгерістер енгізу аккредиттеу жүйесін жетілдіруге және аталған сала субъектілерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Заңға енгізілген түзетулер эталондарды тексеру мен өзгерістер құралдарын калибрлеуге көшіруді және жаңа тәсілді мемлекеттік метрологиялық бақылауға енгізуді көздейді.

Сынақ жүргізу кезінде пайдалануға арналған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) GLP (Good Laboratory Practice) тиісті зертханалық тәжірибе принциптері маңызға ие. Осылайша 2018–2019 жылдары бірлескен Жол картасы әзірленеді, оны жүзеге асыру қорытындысы бойынша қазақстандық зертханаларды сынау нәтижелері ЭЫДҰ елдерінде танылады.

Техникалық реттеу жүйесін жетілдірудің екінші кезеңі сертификаттау сынақтарының нәтижелеріне өзара сенімді төмендету және импорттаушылардың "тауарларды шартты түрде шығару" кедендік рəсімі арқылы сертификаттаудан өтуін болдырмау сияқты түйіткілді мəселелерді шешуге бағытталған. Бүгінде жұмыстар басталған.

Министрлік мемлекеттiк бақылау саласында қабылданған шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн саралауды ұсынады. Тиісті өзгерістер "Атамекен" ҰКП және мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып, егжей-тегжейлі әзірленетін болады.

Техникалық реттеу жүйесін автоматтандыру және цифрландыру туралы айта отырып, Жеңіс Қасымбек қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссияға сәйкестік туралы декларациялар мен сертификаттар жөнінде мәлімет беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары