ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Вице министрі қабылдау жасады

Написать нам
18 қазан, 2018, 09:48 2443 Қызылорда облысы
ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Вице министрі қабылдау жасады

Сыр өңіріне Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалысымен танысу үшін арнай келген ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Вице министрі Әсет Ерғалиев партияның облыстық филиалында болып, азаматтар өтінішіне құлақ түрді.

Қабылдауға келген азаматтарға Елбасы Жолдауының тікелей халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталып отырғандығын атап өтіп, Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда министрлік тарапынан қолға алынып отырған жұмыстарды тілге тиек етті.

- Елбасының Жолдауы үлкен жауапкершілікпен қабылданып, бұл бағытта үлкен жоспарлар жасалуда. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, елімізде көптеген қайта өңдеу зауыттары мен цехтарын ашып, елімізде өндіріліп отырған шикізатты шетелге тауар түрінде көптеп шығару қолға алыну көзделіп отыр. Бұл бағытта Сыр өңірі үлкен жұмыстарды атқарады деп сенемін,- деді Вице министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!