ҚР Жоғарғы соты зейнеткерге пәтерін қайтарып алуға көмектесті

24 қазан, 2018, 12:22 1594 Батыс Қазақстан облысы
ҚР Жоғарғы соты зейнеткерге пәтерін қайтарып алуға көмектесті

Әйел адамның айтуынша, сіңлісі екеуінің арасында сыйға тарту шарты оны жаңылыстыруға әкеп соқтыруы салдарынан жасалған.

ҚР Жоғарғы соты Орал қаласында тұратын зейнеткердің сіңлісі екеуінің арасында жасалған сыйға тарту шартының күшін жоя отырып, оған пәтерін қайтарып берді, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Надежда Артыкова, Орал қаласының тұрғыны егде жастағы қария өзінің дәрменсіздігін сезіне отырып, өз пәтерін сіңлісіне сыйға тарту туралы келісімге қол қойған. Бұл ретте, зейнеткер қартайғанда өзіне жақын адамның қамқорында болатынына сенімді болған. Осындай қамқорлық үшін алғыс ретінде өзі қайтыс болған соң пәтерінің сіңлісінде сый ретінде қалатынына келіскен.  

"Бірақ туысы сол сәттің туындауын күтпестен әжейге тиесілі үй-жайды басқа үйге ауыстырып, оған ұлын тұрғызып қойған. Алайда, оның өмір сүруіне жағдай жасауды ұмытып кетіп, зейнеткерді алдын ала өз үйіне алып келеді. Жағдайының болмауынан әйел сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Талап арызда ол сіңлісінің алдағанына сілтеме жасай отырып, сыйға тарту шартын жоюды сұрайды", - делінген хабарламада.   

Бірінші және апелляциялық саты оны негіздеу дәлелінің болмауына және егде жастағы әйелдің талап қою мерзімін өткізіп алуына байланысты талапты қанағаттандырмаған. Өз мүдделерін қорғап, талапкер кассациялық сотқа жүгінеді.  

"Жоғарғы сот істі қарап, егде жастағы талапкерде басқа тұратын үйінің жоқ екенін, оның жалданбалы пәтерде тұратынын назарға алған. Тараптар арасындағы шарт бойынша жауапкер талапкерді бағып-күту және оған өмір бойы күтім жасау шартымен жасалған және ол қайтыс болғаннан кейін ғана даулы пәтерді меншікке алатын болған. Алайда даулы пәтер иеліктен шығарылып үшінші тұлғаларға өтіп кеткен, ал талапкердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмаған", - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Әжей сыйға тарту шартына қол қойған соң 2014 жылға дейін сол пәтерде тұрған, оны күтіп ұстау ауыртпалығын көтерген және осы күнге дейін сол үйде тіркеуде екен. Талапкердің сыйға тарту шарты жасалған күннен бастап екі жыл бойы осы пәтерде тұруын, басқа да жақын туыстарының және өзге тұрғын үйінің болмауын, беру жолымен сыйға тарту шартының орындалмауын кассация талапкердің сыйға тарту шарты оны жаңылыстыруға әкеп соқтыруы салдарынан жасалғаны туралы дәлелдердің пайдасына расталған деп санаған.

"Жоғарғы сот талап қоюшының құқықтарын қорғай отырып, жауапкер өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыру кезінде жалпы қабылданған адамгершілік қағидаларын ескермей, әділ емес әрекеттер жасағанын атап өтті. Оның іс-әрекеттері әпкесіне зиян келтіруге, құқықты теріс пайдалануға бағытталған. Осы негізде апалы-сіңлілер арасында қақтығыс орын алып, олардың бірге өмір сүруінің мүмкін еместігіне әкеп соққан", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Талап қою мерзімін қолдану да қате деп танылды, себебі талапкерге даулы пәтерді сыйға тарту шарты бар екендігі 2016 жылғы маусым айында ғана белгілі болған. Атап айтқанда, ол сол кезде осы шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінген. 

Жоғарғы сот зейнеткердің талап арызын қанағаттандырып, іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жойды. Сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар