ҚР Ұлттық Банкі Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының мүшесі болды

29 қараша, 2018, 10:58 1226 Алматы
ҚР Ұлттық Банкі Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының мүшесі болды

Ұлттық Банк – Орталық Азия елдерінің ішінде Меморандумға қол қойған бірінші реттеуші.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) толық мүшесі болды, деп хабарлайды BNews.kz Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының Консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумына қол қойды. Ұлттық Банктің Меморандумға қосылуға өтінімі 2018 жылғы 16 қарашада мақұлданды.

"Осылайша, Ұлттық Банк Меморандум шеңберінде бағалы қағаздар нарығының басқа реттеушілерімен ақпарат алмасатын 120-шы толыққанды қатысушы болды", - делінген хабарламада.

Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымы (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) – бағалы қағаздар нарығын реттеудің ұлттық органдарын біріктіретін ұйым. Ұлттық Банк 1997 жылдан бері IOSCO-ның мүшесі болып табылады.

Меморандум конфиденциалды ақпарат алмасу бөлігіндегі талаптарды белгілейді, ол талаптар ұлттық нормалар мен ережелердің бағалы қағаздар нарығы реттеушілеріне басқа юрисдикциялардағы өздерінің контрагенттерімен ақпарат алмасуға кедергі келтірмейтініне кепілдік береді.

Соңғы бірнеше жыл бойы Ұлттық Банк Меморандум талаптарына сәйкес келу мақсатында заңнаманы оңтайландыру жөнінде белсенді түрде жұмыс жүргізді.

"Меморандумға қосылу қаржы нарығын реттеудің халықаралық қағидаттары мен стандарттарын әзірлеуге қатысуға мүмкіндік береді және қосымша екіжақты келісімдерге қол қою қажеттілігінсіз қажетті өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру үшін бағалы қағаздар нарығының шетелдік реттеушілері үшін айтарлықтай негіз болып табылады", - деп түсіндірді Ұлттық Банкт.

Ұлттық Банк – Орталық Азия елдерінің ішінде Меморандумға қол қойған бірінші реттеуші.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар