ҚТЖ арзан билетті өткізгенде ұсталатын айыппұлды алып тастады

14 қаңтар, 2019, 12:12 309
ҚТЖ арзан билетті өткізгенде ұсталатын айыппұлды алып тастады

Бір мың теңге көлеміндегі айыппұл мөлшері тек 3500 теңгеге дейінгі билеттер үшін ғана алынбайды.

2019  жылдың 15 қаңтарынан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ арзан билетті қайтарған кезде жолаушыдан ұсталып қалатын айыппұлды алып тастады, деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

"Билет санаттарының бағаларын саралау үшін 15 қаңтардан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ билетті қайтарғаны үшін жолаушыға 1 мың теңгелік айыппұл салу тәртібінің күшін жояды. Бұл ретте айыппұл тек 3 500 теңгеге дейінгі билеттер бойынша жойылады. Аталмыш шара жолаушылар тарапынан түскен өтініштер негізінде қолға алынып отыр", - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Аталмыш шара билеттерді заңсыз қайта сатумен күресу мақсатында қолға алынған. Нәтижесінде  билеттерді қайтару деңгейі 30 пайызға төмендеген. 

"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылдың 30 сәуіріндегі №545 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында темір жол көліктерімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын тасымалдау ережесінің" №255 тармағына сәйкес, құны 3 500 теңгеден асқан билетті қайтару кезінде 1 000 теңгелік комиссиялық төлем алынады", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #«Қазақстан темір жолы» #айыппұл

Читайте также

Похожие новости