ҚТЖ-да "Құрметті теміржолшы" атағын иеленген үздік әйел қызметкер туралы айтып берді - Жаңалықтар | BNews

ҚТЖ-да "Құрметті теміржолшы" атағын иеленген үздік әйел қызметкер туралы айтып берді

07 наурыз, 2018, 11:46 1759
ҚТЖ-да

Теміржол саласында 30 жылдан бері қызмет ететін Зейнеш Баймағамбетова тоғыз жылдан бері "Арқалық" станциясын басқарады.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қыз-келіншектердің халықаралық мерекесі қарсаңында "Құрметті теміржолшы" атағын иеленген үздік әйел қызметкер туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Теміржол құрылған кезден бастапқыдан ерлердің мамандығы саналатын. Алайда, теміржол көлігіндегі мамандықтарға соңғы жылдары әйел адамдар көптеп келе бастады. Бұдан сала ұтылып отырған жоқ. Себебі, әйелдер кәсіби білікті мамандарға ғана емес, жауапкершілігі жоғары лауазым иелері де атануда. Қазіргі таңда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да 34 мың әйел еңбек етеді. Олардың 2700-і басшылық қызметтер атқарады", - делінген хабарламада.

Жолаушыларды билет кассаларында күтіп алатын, пойыздарда жолсерік ретінде алып жүретін, пойыз қозғалысын қамтамасыз ететін, станция кезекшілігін атқаратын, пойыз диспетчері, жүк және багажды қабылдап алып жөнелтетін, электромеханиктер де әйелдер. Саланың экономикалық шешімдер қабылдау мен кадр мәселесін де шешетін әйелдер.

Теміржол саласында отыз жылдан бері қызмет ететін Зейнеш Баймағамбетова тоғыз жылдан бері "Арқалық" станциясын басқарады. Алтынкөл станциясы бастығының Логистика жөніндегі орынбасары болып Нұрбикеш Маусымбекова қызмет атқарады. Фариза Қазжанова аса маңызды саланың жетекшісі. Ол "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ – Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің басшысы болып қызмет етеді.

"Бұл аса маңызды әрі қиындықты, жауапкершілігі мол сала болып табылады. Онда шұғыл шешім қабылдау, зор біліктілік пен табандылықты талап етеді", - дейді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ-ның HR бойынша атқарушы директоры Шолпан Әбілбекова.

Жылма-жыл теміржол саласының үздіктері мемлекеттік  және салалық марапаттауларға ие болады. Мәселен, 2017 жылы ерекшеленгендер "Ерен еңбегі үшін", "Адал еңбегі үшін" кеуде белгілерімен марапатталды.

Өткен жылы он әйел "Құрметті теміржолшы" атағына ие болды. Олардың қатарында пойызда 9 айлық баланы өлімнен құтқарып қалған жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаева да бар.

Әйел аналар саланың озығы атанып қана қоймай, отбасының ұйытқысы ретінде де басқаларға үлгі өнеге көрсетіп келеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар